Талғат Байсуфинов: Қорғаныста жатып алмаймыз
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында ертеңгі ойында шабуылға құралған ойын өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ескі жүйемен ойнауды доғарып жатырмыз. Қарсыластың күшін, қандай мақсатпен келе жатқанын білеміз. Алдымызға ең жоғары мақсаттарды қоямыз. Нәтиже бірінші орында тұр. Жақсы нәтиже жігіттер үшін де серпіліс болайын деп тұр. Жас футболшыларымыз шабуылда көп ойнағысы келеді. Қандай қарсылас болса да, тек қорғаныста жатып алмай, шабуылда ойнауға тырысамыз. Олар біздің қаншалықты мүмкіндік бергенімізге байланысты ойнайды», – деді Маруаұлы.
Сондай-ақ ұлттық құрама бапкері Дастан Сәтпаевтың ертеңгі матчқа қатысуы бүгінгі жаттығу жұмыстарынан кейін белгілі болатынын айтты. Егер жас футболшы өзін жақсы сезінсе, ертең негізгі құрамда алаңға шығады.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 15 қараша күні «Астана Аренада» Бельгияға қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 19:00-де басталады.
Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы құрамы белгілі болды
Асхат Тағыбергенге түркиялық клубтан ұсыныс түскені белгілі болды
Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарда ұлттық құрамаға көмектесе алмайды