Хоккейден Қазақстан құрамасы бапкерлік құрамын күшейтті

Хоккейден Қазақстан құрамасы бапкерлік құрамын күшейтті

Астаналық «Номад» клубының бас бапкері Константин Пушкарёв алдағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жаттықтырушы штабына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пушкарёв ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Жайлауовтың ассистенті қызметін атқарады. Жазғы маусымаралықта «Номадтың» тізгінін ұстаған Константин Пушкарёвтың жетекшілігімен «көшпенділер» Қазақстан чемпионатында турнир кестесін сенімді түрде бастап тұр.

Константин Пушкарёв — «Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол «Астана» жастар командасында және «Барыста» жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасын «Барыс» жаттықтырушысы Талғат Жайлауов басқарады. Жарыс 20–23 қараша күндері Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Қазақстан құрамасы — қазіргі Азия чемпионы.

Қазақстандық қақпашының командасы Канададағы матчта жеңіліс құшты

Қазақстандық хоккейші АҚШ-тың ең мықты лигасында дебютін өткізеді

«Барыстың» экс-қорғаушысы «Торпедо» клубына ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или