Шавкат Рахманов Джек Делла Маддаленаның пікіріне жауап берді
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Джек Делла Маддалена дивизиондағы қазіргі жағдай туралы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джек Делла Маддаленаның айтуынша Шавкат Рахмонов жарақатынан айығып жүрген кезде дивизион алға жылжыған:
«Айту қиын. Бірақ меніңше, оның жоқтығында дивизион алға кетті. Егер ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпасаң, артта қаласың. Менің ойымша, солай болды. Қазір ол жиірек жекпе-жекке шығатындардың көш соңында тұр. Шон Брэди белсенді, Иэн Гэрри де үнемі төбелеседі. Шавкат қалайша бұл жігіттерден жоғары тұра алады?» — деді Маддалена баспасөз конференциясында.
Қазақстандық жауынгер болса өз кезегінде бұл пікірірге мардымды жауап берді:
«Сенің чемпиондық жекпе-жекке шығуыңа жалғыз себеп — менің жарақатым. Бұған дейін өзіңнің 14 ай бойы белсенді болмағаныңды ұмытып кеткенің қызық екен», — деп жазды Рахмонов Х әлеуметтік желісінде.
Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты 2025 жылы әлі жекпе-жек өткізбеді. Ал Маддалена (18-2) 16 қараша күні өтетін UFC 322 турнирінде титулдық жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – Ислам Махачев (27-1).
Джон Джонс UFC-дің тарихи шоуына қатысуға ұмтылып жатыр
Ислам Махачев алдағы жекпе-жекке дайындық барысын айтты
Ислам Махачев UFC-де екінші белбеу мен Даңқ залына кіруді мақсат етті