Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннис тарихындағы ең ірі жүлде қоры бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA финалдық турниріндегі жеңісі оған 5,235 миллион доллар (2,7 миллиард теңге) табыс әкелді. Мұндай көлемдегі сыйақы теннис тарихында бір турнир үшін спортшыға берілген ең қомақты қаржы.

Бұған дейінгі рекорд беларусьтік Арина Соболенко мен испан теннисшісі Карлос Алькарасқа тиесілі еді. 2025 жылдың қыркүйегінде олар АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетіп, сол кездегі рекордтық 5 миллион доллар табыс тапқан болатын.

Айта кетейік, бұл Рыбакинаның Гиннес рекордтар кітабындағы алғашқы көрсеткіші емес. Бұған дейін ол 2024 жылы Аустралия ашық чемпионатында Анна Блинковаға қарсы өткен матчта «Үлкен дулыға» турнирлері тарихындағы ең ұзақ тай-брейкке (22:20) қатысқан еді.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші осы маусымда 500-ден астам эйс (подача навылет) орындады. Бұл көрсеткіш бойынша Рыбакина әйелдер теннисіндегі ең нәтижелі ойыншылардың қатарына енді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. Қорытынды есеп – 2:0 (6:3, 7:6).

Тарихи жетістіктен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны құттықтап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Әмір Омарханов Тунистегі жарыспен қоштасты

Қазақстандық теннисші Египеттегі турнирді сәтті бастады

Әлемнің бірінші ракеткасы ATP турнирінің жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или