Денис Евсеев Мысырдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 400-орын) Шарм-эль-Шейхте (Египет) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз 1/8 финалда бельгиялық Ромен Факонмен (1058-орын) кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетте күтпеген түрде 2:6 есебімен ұтылды, алайда екінші сетте 7:5 есебімен жеңе алды. Үшінші сетте Евсеев 2:1 есебімен алда тұрған кезде қарсыласы жарыстан бас тартты.
Енді Денис Евсеев ширек финалда ресейлік теннисші Сергей Петровпен (рейтингі жоқ) кездеседі. Петров 1/8 финалда итальяндық Леонардо Россиді (745-орын) 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің 1/2 финалына шықты
Қазақстандық теннисші Египеттегі турнирді сәтті бастады
Әлемнің бірінші ракеткасы ATP турнирінің жартылай финалына шықты