Премьер-лигадағы орнын сақтап қалған «Атырау» легионерлерге жалақы төлемеген
«Атырау» футбол клубы қазан айының жалақысын және сыйақыларды футболшыларға әлі күнге дейін төлемеген, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпионат аяқталмай тұрып-ақ Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында өнер көрсетуін қамтамасыз еткен «мұнайшылардың» ойыншылар алдында қарызы бар.
«Бұл ақпаратты барлығы да білгенін қалаймын: «Атырау» әлі күнге дейін легионерлерге қазан айының жалақысын да, сыйақыларын да төлемеді. Басшылық бізге Қазақстан Премьер-лигасындағы орынды сақтап қалғанымыз үшін сыйақы береміз деп уәде еткен. Бірақ қазір сол сөзінен тайып отыр», — деді редакцияға хабарласқан футболшылардың бірі.
«Бұл жайт ФИФА-ға шағымдануға әкеп тұр. Шетелдік ойыншылар болып енді осындай шараға баруға мәжбүрміз», — деп қосты ойыншы.
Айта кетейік, бірнеше ай ішінде «Атырау» клубы төрт бас бапкер ауыстырған. Бас менеджер қызметін Дидар Сыдықбек атқарған команда 26 матчта төрт рет жеңіске жетіп, жарыс кестесінде Премьер-лигада аман қалуға мүмкіндік беретін 13-орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или