Қазақстандық қақпашының командасы Канададағы матчта жеңіліс құшты
Қазақстандық Данай Шайков ойнайтын Гатино Олимпикс командасы Квебектің жасөспірімдер хоккей лигасында Cape Breton Screaming Eagles командасымен өз алаңында ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч қонақтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
Жеңіске жеткен команда сапында Ромен Л'Таллен гол соқты.
18 жастағы қазақстандық Данай Шайков Гатино Олимпикс командасының қақпасында бүкіл матчты өткізді.
Данай Шайков ойнайтын Гатино Олимпикс командасы Квебектің жасөспірімдер хоккей лигасының Батыс конференциясында алтыншы орында тұр.
Екі шабуылшы «Құлагер» ойыншысы атанды
Қазақстандық хоккейші АҚШ-тың ең мықты лигасында дебютін өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или