Қазақстандық Спартак Чукреев АҚШ-тың ең мықты лигасында дебютін өткізеді
16 жастағы қорғаушы Спартак Чукреев желтоқсан айында АҚШ-тың ең мықты жастар лигасы — USHL-дың «Дубьюк Файтинг Сэйнтс» командасы сапында дебюттік матчын өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл мамыр айында қорғаушы аталған клуб тарапынан USHL драфтының алғашқы кезеңінде таңдалған болатын, ал енді келесі айда жаңа деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік алады.
Қазір хоккейші «Атлантик Кост» академиясының 16 жасқа дейінгі командасында ойнап жүр, онда ол 31 кездесуде 47 (17+30) ұпай жинаған.
«Барыстың» экс-қорғаушысы «Торпедоға» ауысты
Қазақстан құрамасына бір клубтан бес ойыншы шақырылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или