Қазақстан жастар құрамасының матчы камбэкпен аяқталды
Жастар арасындағы Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Словакиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Прешов қаласындағы «Татран» стадионында өтті.
Матчтың екінші минутында Нино Марцелли алыс қашықтықтан соққы жасап, доп бағаға тигізді. Артынан алаң иелері шабуылды жалғастырды, алайда қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаев бірнеше рет өз шеберлігін көрсетті. Бұдан кейін қонақтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, 11-минутта Рамазан Бағдат есеп ашты. 52-минутта Адриан Фиала гол соғып, словакиялықтар таразы басын теңестірді. Көп ұзамай Фиала тағы бір баспен соққы жасап, дубль авторы атанды - 2:1.
Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде қатарынан үшінші рет жеңілдң. Қазақстандықтар бір жеңіске жетіп, үш ұпаймен D тобында бесінші орында тұр. Словакия 13 ұпаймен көш бастап келеді.
17 қараша күні Андрей Ферапонтовтың шәкірттері өз алаңында Молдова құрамасын қабылдайды.
Астанада академия салынатын болды
«Оқжетпес» қазақстандық маманды қызметінен босатады
Асхат Тағыбергенге түркиялық клубтан ұсыныс түскені белгілі болды