Михаил Ломтадзе ресми түрде «Жеңіс» клубының қожайыны атанды
Михаил Ломтадзе ресми түрде «Жеңіс» клубының қожайыны атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді белгілі кәсіпкер Астана қаласындағы «Жеңіс» базасында балаларға арналған заманауи академия салмақ.
«Менің арманым – Қазақстанда және Англияда талантты жас футболшылардан болашақ жұлдыздар тәрбиелейтін әлемдік деңгейдегі академия салу. Жас спортшылар еліміздің және футбол отаны саналатын Англияның белді мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады. Инфрақұрылымнан бөлек, кәсіби футбол деңгейін арттыруға және ойыншыларды жүйелі дайындау үшін жағдай жасауға көңіл бөлінеді», – деді Ломтадзе.
Құрылыс аяқталғаннан кейін балалар бұл академияда тегін жаттыға алады екен.
«Оқжетпес» қазақстандық маманды қызметінен босатады
Асхат Тағыбергенге түркиялық клубтан ұсыныс түскені белгілі болды