Талғат Байсуфинов ұлттық құрама туралы пікір білдірді
Талғат Байсуфинов ұлттық құрама ойындары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ұлттық құрама ойындарында тұрақтылық пен ойын тәртібін сақтауымыз керек. Бұл мәселе Бельгияға қарсы матчқа ғана қатысты емес. Біздің құрама осы ойынмен тоқтап қалмайды, тек алға жылжиды.
Бастысы, Қазақстан Ұлттық құрамасының өз стилі мен ойыны болуы керек. Шабуылдап ойнағанымыз жанкүйерлердің де көңілінен шықты. Жігіттер алда қандай ойын күтіп тұрғанын жақсы түсінеді, біз де қарап қалмаймыз.
Македониямен өткен матчтан кейін күмән сейілді. Ертең де жігіттер өз ойынын көрсетеді деп сенемін», – деді бас бапкер.
Қазақстан құрамасы 15 қараша күні ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен күш сынасады.
«Оқжетпес» қазақстандық маманды қызметінен босатады
Асхат Тағыбергенге түркиялық клубтан ұсыныс түскені белгілі болды