Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы, ММА аңызы Джон Джонс (28-1) тағы да өз атына назар аудартты. Биыл жылдың басында ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеп, Том Аспиналмен өтетін аса күтімді жекпе-жекті тоқтатқан еді және UFC президенті Дана Уайтқа берген уәдесін орындамай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соған қарамастан, Джонс октагонға қайта оралудан үміт үзген жоқ. Оның көздеген басты мақсаты — 2026 жылдың жазында АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үй маңында өтетін тарихи UFC шоуына қатысу. Джон Аспиналмен жекпе-жекке әлі де қарсы, оның орнына жартылай ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Алекс Перейрамен айқасуды ұсынуда.
UFC президенті Дана Уайт әзірге Джонстың сөзіне сенбейтінін және оған толықтай сенім артуға дайын емес екенін айтты. Дегенмен Джонс бұл ірі оқиғаға қатысу үшін барын салып жатыр. Жақында ол АҚШ-қа деген құрметі мен патриоттық рухын көрсеткен бейнежазба жариялап, халқын жігерлендірді.
«2026 жылдың жазында Америка 250 жылдығын атап өтеді, және осы елдің азаматы екеніме мақтанамын. Бұл ұлт батылдыққа, күрескерлікке және өз-өзіне сенуге құрылған. Бұл рухты көрсетудің ең жақсы жолы – жауынгерлік жанкештілік. Мен дайынмын, жігерім мықты, отым сөнген жоқ. Құдай Америка Құрама Штаттарын және оның рухын алып жүргендерді жарылқасын», — деді Джонс.
Ислам Махачев алдағы жекпе-жекке дайындық барысын айтты
Ислам Махачев UFC-де екінші белбеу мен Даңқ залына кіруді мақсат етті
Ислам Махачев UFC жұлдыздарына Дагестанда тұруға кеңес берді