Қазақ киберспортшысы Molodoy HLTV Prospect Report көшін бастады
HLTV перспективалы жас ойыншыларға арналған Prospect Report №1 рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 шілдеден 2 қарашаға дейінгі көрсеткіштер қайта есептелгеннен кейін қазақстандық снайпер Данил molodoy Голубенко топ бастап, Максим kyousuke Лукинді артқа қалдырды.
HLTV сарапшылары рейтинг әдістемесінің сол күйі қалғанын, бірақ турнирлер деңгейі мен қарсыластардың күшін автоматты түрде ескеретін қосымша элементтермен толықтырылғанын атап өтті. Осы өзгерістер соңғы айларда қарқыны артқан немесе керісінше төмендеген ойыншылардың орындарын әділ түзетуге мүмкіндік берген.
Molodoy есепті кезеңнің басты жаңалығы болды — аталған уақытта ол екі рет MVP атанып, FURIA құрамындағы жұлдыз мәртебесін нығайтты. Сондай-ақ позициясын жақсартқан ойыншылар қатарында Климентий kl1m Кривошеев, Дмитрий dem0n Мирошниченко және Дэвид Dawy Бибик бар.
Ал бірқатар таланттар — Иван zweih Гогин мен Кори nettIk Браун жаңа командалардағы тұрақсыз ойынының салдарынан төмен сырғыды. Сонымен бірге рейтингке уақытша шеттетілген Антон Meinz Эвандердің орнына Линус nilo Бергман қосылды.
Данил molodoy Голубенко IEM Chengdu 2025 топ-4 үздік ойыншысы атанды
«Өте нашар ойнадым». B1st IEM Chengdu 2025 турнирін қорытындылады
Team Tidebound киберспорт ұйымы Dota 2-ден жаңа құрамын таныстырды