УЕФА Еуропа чемпионаты-2028 өткізілетін стадиондар мен күндерді бекітті
УЕФА 2028 жылы Ұлыбритания мен Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатының матч кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 9 маусымда Кардиффте басталады — дәл Уэльс ұлттық стадионында A тобының ашылу матчы өтеді.
1/8 финал ойындарын сегіз арена қабылдайды, ал ширек финал барлық төрт қабылдаушы елде өтеді:
- «Дублин Арена» (Ирландия)
- «Хэмпден Парк» (Глазго, Шотландия)
- Уэльс ұлттық стадионы (Кардифф)
- «Уэмбли» (Лондон, Англия)
ЕУРО-2028 додасының шешуші кезеңі толықтай Лондонда өтеді: жартылай финалдар 4 және 5 шілдеге белгіленген, финал — 9 шілдеде.
Матчтардың басталу уақыты — Орталық Еуропа жазғы уақытымен 15:00, 18:00 және 21:00. Финалдық ойын 18:00-де (жергілікті уақытпен 17:00) басталады.
Лионель Месси белгілі журналистің сұрағына жауап берді
Алжир құрамасы Мбаппенің інісін қатарына қосқысы келеді
Станислав Черчесов «Спартакқа» тағайындалатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді