Исламиада-2025: муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан финалға жолдама алды
Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Жартылай финалда қазақстандық муай-тай шебері Әзірбайжан өкілі Али Алиевтен басым түсті.
Финал 14 қарашада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или