Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Бішкекте самбодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
6-10 қараша аралығында Қырғызстан астанасында 70 елден 466 спортшы бақ сынаған әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жоғары дайындықты көрсетіп, екі алтын, екі күміс, сегіз қола медаль жеңіп алды.
Спорттық самбо:
79 кг – Еркебулан Негметов – күміс
71 кг – Арнур Куатай – қола
64 кг – Жандос Бейсенбаев – қола
50 кг – Маргарита Бажаева – қола
80 кг – Мадина Ержан – қола
Жауынгерлік самбо:
59 кг – Маржан Бизак – алтын
71 кг – Ниетхан Толеухан – алтын
80 кг – Улболсын Адилова – күміс
58 кг – Арман Турумбетов – қола
+98 кг – Талгат Жиентаев – қола
50 кг – Жадыра Пайыз – қола
+80 кг – Нурила Асанкызы – қола
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или