Асхат Тағыбергенге Түркияда жалғастыруға жақын болғанын мәлімдеді
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген екі жыл бұрын мансабын Түркияда жалғастыруға жақын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тобыл» клубының футболшысы бұл туралы AmanVibe YouTube арнасына берген сұхбатында айтты:
«2023 жылы «Ордабасыда» жүрген кезімде «Легиямен» болған ойыннан кейін «Коджаэлиспордан» ұсыныс түсті. Кәдімгідей келісімшарт ұсынды. Бірақ мені сатып алуға ақшалары болмады. Ол кезде клуб Бірінші лигада ойнап жүрген, бірақ Премьер-лигаға шығу мақсатын қойды. Қазір Суперлигада ойнап жүр. Бұл клуб Стамбулдан алыс емес, 20-30 км жерде орналасқан. Клуб өкілдері менімен байланысқа шығып, 2 жылдық келісімшарт жібереді. Жалақысы – 40 мың еуро. Маған үй, көлік дайындап қойған. Келіп, ойнап берсең болды деп отыр.
Бірақ «Ордабасымен» жарты жылдық келісімшартым бар еді. Дәл сол кезде «Легиямен» ойнап, Конференция лигасынан ұшып кеткен едік. Клуб басшыларымен кездесіп, бұдан кейін мансабымда мұндай мүмкіндік болмайтынын айттым. Мені түсінгендей болды, бірақ әкім жібермеді. Өйткені «Ордабасы» чемпиондыққа таласып жатты.
Оларды да түсінемін. Келісімшартым болғандықтан, өз міндеттерімді орындауым керек. Әттеген-ай дейтінім – сол кезде жібергенде, қазір Түркияда ойнап жүрер ма едім. Ол кезде Батека «Бешикташта» ойнап жүрді. Екеуміз Стамбулда бірге жүрер едік», – деді Асхат.
«Қызылжар» клубы ресми түрде жекеменшікке өтті