«Оқжетпес» қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовті қызметінен босатады

«Оқжетпес» қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетовті қызметінен босатады

Инсайдерлік ақпарат көздеріне сенсек Қайрат Нұрдәулетов осы жалы «Оқжетпес» бас бапкері қызметінен кетеді,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайрат Нұрдәулетов бұл қызметке 2025 жылдың шілде айында келді. Команда 35 ұпаймен сегізінші орынға табан тіреді. Дегенмен оның басшылығымен көкшетаулық клуб бірнеше ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Салдарынан турнир кестесінде сегізінші орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.

Одан кейін Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 11-орынға тұрақтады.

«Ақтөбе» бапкері клубтағы қиындықтар туралы пікір білдірді

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері «Спартак» тізгінін ұстауға дайын екенін айтты

Зайнутдиновтың командасы бас бапкерге қатысты қауесетті жоққа шығарды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или