Николай Костов «Ақтөбе» клубындағы қиындықтар туралы айтты

Николай Костов «Ақтөбе» клубындағы қиындықтар туралы айтты

«Ақтөбе» футбол клубы биылғы маусымды бесінші орынмен аяқтап, соңғы жылдары алғаш рет еурокубоктарға қатыса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жазда жүлдеге таласқан команда соңында тұрақсыздыққа ұшырап, бір маусымда үш бас бапкер ауысты.

Қыркүйекте бапкерлікке келген Николай Костов команда ішіндегі қиындықтарды алғаш рет ашық айтты:

«Эмоциялық тепе-теңдік пен өзара сенім жетіспеді. Соңғы турда «Ордабасыға» қарсы ойында да, киім ауыстыратын бөлмеде ауыр атмосфера сезілді. Кері энергия мен теріс пікірлер нәтижеге әсер етті».

Костов нақты жоспар мен жүйе болмаған жағдайда табысқа жету мүмкін емес екенін, әр детальға — жаттығу алаңынан алаң сапасына дейін — назар аудару керегін атап өтті.

Черчесов «Спартакқа» тағайындалатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері «Спартак» тізгінін ұстауға дайын екенін айтты

Зайнутдиновтың командасы бас бапкердің қызметінен кететіні туралы қауесетті жоққа шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или