Любовь Ковальчук: Олимпиадаға қарай нық қадам басып келеміз
Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш күміс медальға қол жеткізді.
Зілтемірші жарыстан кейін өз өнеріне қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.
"Бүгін Қазақстан қоржынына үш күміс медаль салдым, қуанышымда шек жоқ. Алтынға сәл жетпей қалдым, бірақ еш өкінбеймін. Алда істейтін жұмыс көп. Жұлқа көтеру өте өңай болды. Бапкеріммен бірге тиянақты дайындалдық, соның арқасында үш мүмкіндікте де жақсы нәтиже көрсете алдым. Жоғары салмақты көтеруге де болар еді.
Алда өтетін Олимпиадаға қарай нық қадам басып келеміз. Әзірге осы салмақта қаламын", - деді ауыр атлет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или