Артем Антропов: осындай жағдайда да жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын
Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орын алды. Спортшы жарысқа жарақатпен қатысқанын атап өтті.
"Осындай жағдайда өзімді жақсы қырынан көрсете алдым деп ойлаймын. Жаңа салмақ дәрежесінде сынға түстім. Бірақ бәсекелестік деңгейі бұрынғыдай жоғары болды. Көпшілігін бұрыннан білемін, олардың деңгейі мен мүмкіндіктерінен хабардармын. Өзімнің де әлі шыңдайтын тұстарым бар.
Жарысқа екі апта қалғанда ауыр жарақат алып едім. Соған қарамастан, қолдан келгеннің бәрін жасадым деп есептеймін.
Ендігі мақсат - жарақатымнан айығып, жаттығуға бұрынғыдан да белсене кірісу", - деді спортшы.
Айта кетейік, Артем Антропов Ислам ойындарында серпе көтеру жаттығуында үшінші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или