Зілтемірші Эр-Риядтағы жарыста Қазақстанға қола медаль әкелді

Зілтемірші Эр-Риядтағы жарыста Қазақстанға қола медаль әкелді


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті. 

Ең үздік мүмкіндігінде ол 223 келіні еңсерді. Бұл жаттығуда өзбекстандық Акбар Джураев (227 келі) топ жарса, ирандық Алиреза Насири (224 келі) екінші орын алды.

Айта кетейік, жұлқа көтеруде Артем жетінші орынға ие болса, қоссайыстың қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады.

Аянат Жұмағали: серпе көтеруде бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болар еді

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі

Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или