Махачев UFC 322 турниріне үш оқу-жаттығу жиынында дайындалғанын мәлімдеді
UFC-дің бұрынғы чемпионы, ресейлік файтер Ислам Махачев 16 қарашада Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін UFC 322 турниріндегі Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жекке дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен үш оқу-жаттығу жиынын өткіздім: бірі — Ресейде, екіншісі — Дубайда, соңғысы — Нью-Джерсиде өтті. Алғашқы жиында ауыр салмақ жаттығуларына көңіл бөлдік, ол үш аптаға созылды. Кейін Дубайға барып, көп спарринг өткізіп, күрес және физикалық дайындық бойынша жұмыс істедік.
Қазір Нью-Джерсиде Мухаммед Берхамовпен бірге дайындалып жүрмін. Ол Делла Маддаленаның стилін жақсы қайталай алады — жақсы боксы бар, күресте де мықты. Оның тәсілі Маддаленаның стиліне өте ұқсас», — деді Махачев Weighting In подкастында.
Ислам Махачев UFC-де екінші белбеу мен Даңқ залына кіруді мақсат етті
Ислам Махачев UFC жұлдыздарына Дагестанда тұруға кеңес берді