Бублик төртінші рет өтетін халықаралық командалық турнирде өнер көрсетеді

Бублик төртінші рет өтетін халықаралық командалық турнирде өнер көрсетеді


Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылдың 29–30 қарашасы аралығында Санкт-Петербургтегі «Арена» спорт кешенінде өтетін төртінші халықаралық командалық турнир — «Солтүстік Пальмира трофейіне» қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бублик бұл турнирге бұған дейін 2023 және 2024 жылдары да қатысқан. 2025 жылы ол сербиялық Янко Типсаревич басқаратын «Арыстандар» командасының сапында өнер көрсетеді.

Бұған дейін аталмыш турнирге Вероника Кудерметова, Диана Шнайдер, Анастасия Потапова және Юлия Путинцева қатысатыны хабарланған болатын. Қатысушылардың толық тізімі кейінірек жарияланады.

Қазақстандық теннисші Франциядағы жарыспен қоштасты

Қазақстандық теннистің ардагері Франциядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Лион қаласында өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или