Махачев екінші титулды жеңіп алып, рекорд орнатқысы келеді

Махачев екінші титулды жеңіп алып, рекорд орнатқысы келеді


Ресейлік ММА файтері Ислам Махачев UFC-дегі алдағы мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 пен 16 қараша аралығындағы түні Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпион Джек Делла Маддаленаға қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін Ислам жеңіл салмақтағы UFC белбеуін иеленіп, оны рекордтық төрт рет қорғаған болатын.

«Екінші белбеуді жеңіп алу, оны қорғау — мүмкін тіпті Камару Усманнан да көп рет (ол бұл салмақта бес рет титул қорғаған). Сосын UFC Даңқ залына ену. Мақсатым — осы», — деді Махачев UFC ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ислам Махачев ММА-де 27 жеңіс пен 1 жеңіліске ие. Ал оның қарсыласы Джек Делла Маддалена 18 рет жеңіп, 2 жекпе-жекте жеңілген.

Ислам Махачев UFC жұлдыздарына Дагестанда тұруға кеңес берді

Шавкат Рахмонов әлем чемпионатының жүлдегерімен күресті

Шон Брэди Махачев пен Делла Маддалена жекпе-жегіне болжам жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или