Парфенов «Спартакты» жаттықтыруға ниетті екенін мәлімдеді

Парфенов «Спартакты» жаттықтыруға ниетті екенін мәлімдеді


«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Дмитрий Парфенов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында мәскеулік «Спартак» командасын жаттықтыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сейсенбі күні «Спартак» серб маманы Деян Станковичпен келісімшартты өзара келісім негізінде бұзған болатын. Уақытша бас бапкер міндетін Станковичтің жаттықтырушылар құрамында болған Вадим Романов атқаратын болды.

«Станковичтің отставкасы жайлы естідім, бірақ мен оны күтіп отырған жоқпын. Егер кез келген бапкерден “Спартакты жаттықтырғың келе ме?” деп сұрасаңыз, бәрі “иә” дер еді. Мен бұл командаға бөтен емеспін, сондықтан, әрине, жауапкершілікпен дайынмын. Бұл жай ғана “Спартакта жұмыс істеу” емес — нәтиже көрсету туралы әңгіме», — деді Парфенов.

Сондай-ақ ол «Спартактың» чемпиондық үшін күресуге әлеуеті бар екенін атап өтті: «Неге жоқ? Бұл команда алтынға таласуы тиіс. Менде жеткілікті тәжірибе бар, не істеу керегін жақсы білемін».

Айта кетейік, алғашқы айналымнан кейін «Спартак» Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде 25 ұпаймен алтыншы орында тұр. Станкович командамен 2024 жылдан бері жұмыс істеген еді.

Алматыдан неше есе арзан? «Арсенал» - «Қайрат» матчының билет бағасы шықты

«Ақтөбе» клубы қазақстандық футболшымен қоштасты

Қазақстан U17 құрамасы маңызды жеңіске қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или