Мәскеулік «Динамо» Карпиннің отставкасы жайлы ақпаратты теріске шығарды

Мәскеулік «Динамо» Карпиннің отставкасы жайлы ақпаратты теріске шығарды


Мәскеулік «Динамо» клубының баспасөз қызметі бас бапкер Валерий Карпиннің қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі «Матч ТВ» арнасына.

Бұған дейін, 11 қараша күні, кейбір дереккөздер «Динамо» Карпинді құрамалар арасындағы үзіліс кезінде отставкаға жіберуі мүмкін екенін хабарлаған. Клуб басшылығы команданың нәтижесіне, ойынына және бапкердің мәлімдемелеріне көңілі толмайтыны айтылған еді.

Валерий Карпин «Динамо» тізгінін 2025 жылдың жазында ұстап, үш жылдық келісімшартқа қол қойған. Алайда команда оның басшылығымен соңғы 19 жылдағы ең нашар бастаманы көрсетіп отыр — бірінші айналымнан кейін «бело-голубые» 17 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) турнир кестесінде оныншы орында тұр.

Айта кетейік, «Динамо» сапында Қазақстан құрамасының жетекші ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или