Елена Рыбакина маусымды тарихи көрсеткішпен аяқтады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымды жарқын жеңіспен аяқтап, WTA Финал турнирінің чемпионы атанды және бірқатар маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олардың бірі — 500-ден астам эйс (подача навылет) орындауы. Бұл көрсеткіш бойынша Рыбакина әйелдер теннисіндегі ең нәтижелі ойыншылардың қатарына енді.
Эр-Риядта өткен WTA Финал турнирінде де Елена осы көрсеткіште қарсыластарынан айқын басым түсті.
Осыған орай Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Рыбакинаның ең мықты соққылары топтастырылған арнайы бейнеролик жариялап, оны мынадай жазбамен бөлісті: «Эр-Риядтағы WTA 2025 Финал турнирінде Елена Рыбакинаның қуатты соққыларына куә болыңыз. Бұл бейне үзінділер сериясы оның айқастардағы үстемдігін және корттағы сенімділігін көрсетеді».
Қазақстандық теннисші Франциядағы жарыспен қоштасты
Қазақстандық теннистің ардагері Франциядағы жарыстың екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Лион қаласында өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өтті