Махачев қай файтерлерге Дагестанда өмір сүру керек екенін айтты
UFC чемпионы Ислам Махачев кейбір файтерлерге Дагестанда тұрып көруге кеңес берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ESPN MMA арнасына берген сұхбатында Махачев сұрақтарға қысқа да нақты жауап берді:
— Конор Макгрегор?
— Оған тыйым салынған.
— Шон Брэди?
— Жоқ, оған мұнда келген дұрыс емес.
— Иан Гарри?
— Иә, оған Дагестанда бірнеше жыл тұрған артық болмайды.
— Пэдди Пимблетт?
— Ол міндетті түрде Дагестанда тұруы керек.
— Илия Топурия?
— Жоқ, ол біздің көршіміз.
— Майкл Чендлер?
— Иә, оған кардиожаттығу үшін келу керек.
— Джек Делла Маддалена?
— Иә, бұл оған жақсы жер деп ойлаймын. Қош келдің!
Айта кетейік, Махачевтің келесі жекпе-жегі австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы өтеді. Бұл титулдық айқас жартылай орта салмақтағы UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. Оқиға 15 пен 16 қараша аралығындағы түні Нью-Йоркте өтеді.
Ислам Махачев келесі айқасы жайлы пікір білдірді