UFC файтері Брэди Махачевтің қарсыласына сенім білдірді

UFC файтері Брэди Махачевтің қарсыласына сенім білдірді


Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің екінші нөмірі, америкалық Шон Брэди Ислам Махачев пен австралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек нәтижесіне қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған титулдық айқас UFC 322 турнирінің басты оқиғасы болмақ және ол Нью-Йоркте өтеді.

«Басында Ислам жеңеді деп ойлағанмын. Бірақ қазір Джек Делла Маддалена өз дегеніне жетеді деп есептеймін. Иә, оны партерге түсіретін шығар, бірақ ол қайта тұрып, тіпті Махачевті нокаутқа түсіруі де мүмкін», — деді Брэди Home of Fight басылымына берген сұхбатында.

UFC чемпионы атағы үшін бұл жекпе-жек 15 пен 16 қараша аралығындағы түні өтеді. Егер Махачев жеңіске жетсе, ол екі салмақта чемпион атанған алғашқы ресейлік спортшы ретінде тарихқа енеді.

Ислам Махачев келесі айқасы жайлы пікір білдірді

Қазақстандық файтердің жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды

Бұрынғы UFC файтері АҚШ түрмесінде қайтыс болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или