Месси отбасымен бірге Барселонада қайта өмір сүргісі келеді

Месси отбасымен бірге Барселонада қайта өмір сүргісі келеді


«Интер Майами» шабуылшысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Барселонаға қайта қоныстануды армандайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Барселонаны қатты сағындық. Әйелім мен балаларыммен жиі сол жер туралы сөйлесеміз. Қайта барып өмір сүргіміз келеді. Барселонада үйіміз бар, бәрі дайын», — деді Месси Sport.es басылымына берген сұхбатында.

Аңыз футболшы каталондық клубпен қоштасу ойдағыдай өтпегенін де жасырмады.

Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін 18 жыл ойнап, 778 матч өткізді. Ол 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берген. Осы уақыт аралығында Лионель 10 рет Испания чемпионы, 7 рет ел кубогының иегері және 4 рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

«Барселона» ойыншысы жарақат алып қалды

«Барселонаның» аңыз ойыншысы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Зидан бапкерлікке жақын арада оралатынын хабарлады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или