Қазақ мерген қыздары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер командасы командалық сында үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Қытай мен Швейцариядан кейін үздік үштікке енді.
50 метр қашықтықтағы үш қалыптан ату бағдарламасында қола медаль иеленгендер — Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова.
Бұл сайыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Швейцария мергендері иеленді. Әлем чемпионаты 18 қарашада аяқталады.
Қазақстан құрамасы суда жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі
Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет алтын медаль жеңіп алды