Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды


Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Үндістанда өтетін Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Ерлер құрамасы:

- 50 келіге дейін: Нұрзат Оңғаров

- 55 келіге дейін: Нұрсұлтан Алтынбек

- 70 келіге дейін - Нұрбек Мұрсал

- 75 келіге дейін: Аман Қонысбеков

- 80 келіге дейін: Санжарәлі Бегалиев

- 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы

- 90 келіге дейін: Бекзат Таңатар

- 90 келіден жоғары: Даниял Сапарбай

Әйелдер құрамасы:

- 48 келіге дейін: Ақбота Болат

- 51 келіге дейін: Жансая Рахымберді

- 57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек

- 80 келіге дейін: Диана Мағауияева

- 80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын

Әлем кубогының финалдық кезеңі 16-20 қараша аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или