Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Қазақстандық зілтемірші 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша нәтиже көрсетті.
Серпе көтеруде ол 210 келіні бағындырып, үздік шықты.
Сондай-ақ ол қоссайыс қорытындысы бойынша да топ жарып, 385 келіні еңсерді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алған еді.
Қазақстандық каратеші Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Қазақстандық жүзгіш Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орын алды
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының финалына шықты