Аянат Жұмағали: серпе көтеруде бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болар еді

Аянат Жұмағали: серпе көтеруде бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болар еді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы психологиялық тұрғыда дайын болмағанын айтты.

"Негізі жаттығу барысында одан да үлкен салмаққа дайын болған едім, алайда бұйырғаны осы болды.

Сара Самирмен бұрын кездеспегенмін. Ал екінші орын алған спортшымен Бахрейнде кездескенмін, өте мықты спортшылар.

Серпе көтеру оңай болды. Одан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болар еді.

Жаттығуда 95 және 130 келіні көтергенмін. Шындығында, бұдан да ауыр салмақты көтеремін деп келгенмін, бірақ ойдағыдай болмады.

Дегенмен барлығы жақсы өтті. Мүмкін, психологиялық тұрғыдан толық дайын болмаған шығармын деп ойлаймын", - деді ауыр атлет.


Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или