Алматыдан неше есе арзан? «Арсенал» - «Қайрат» матчының билет бағасы шықты
Лондонның «Арсенал» командасы алдағы УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі Алматының «Қайратына» қарсы ойынына билет бағаларын жариялады. Ойын 2026 жылдың 28 қаңтарында Ұлыбритания астанасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Билеттер қазір сатылымда. Бағасы 44,80 фунт стерлингтен 84 фунт стерлингке дейін, бұл 30 800 мен 57 750 теңге аралығында.
Салыстырмалы түрде, «Қайраттың» Алматыдағы үй ойындарына билеттердің бағасы 30 000 мен 250 000 теңге аралығында. Демек, Лондондағы ең қымбат билеттің бағасы Алматыдағы матчтардың ең қымбат билет бағасынан бес есеге жуық арзан.
Еске сала кетейік, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің төрт турынан кейін алматылық команда бір ұпай жинап, турнир кестесінде қала береді.
Дастан Сәтпаев жарақат алып қалды