Ислам ынтымақтастығы ойындарында Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды

Ислам ынтымақтастығы ойындарында Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса жұлқа көтеруде бірінші орынға ие болды.

Ол бұл сайыста әлем рекордшысы (182 келі) әрі биыл өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері ирандық Алиреза Моейнимен алтын үшін таласты.

Нұрғиса үздік мүмкіндігінде 175 келіні көтеріп, топ жарды. Ал Моейни 171 келімен екінші орын алды. Түркиялық Хакан Курназ (165 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұдан бөлек серпе көтеру мен қоссайыстың жалпы есебінде де жүлде үшін сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или