Абай облысы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қаржылай сыйақы берді

Абай облысы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қаржылай сыйақы берді

Абай облысының орталығы Семейде ересектер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылған дзюдодан Қазақстан чемпионатына облыс басшылығының арнайы шақыруымен әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген дзюдо шебері, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов келді.

Аймаққа келген спортшыны облыс әкімі Берік Уәли қабылдап, оның жастарға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.

«Қазақстан дзюдосының символына айналған азаматтың Абай еліне келуі – жас спортшылар үшін зор мотивация. Оның қатысуы жарыстың деңгейін көтеріп қана қоймай, әрбір спортшыға үлкен мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетеді», – деді өңір басшысы.

Берік Уәли даңқты спортшыға өңір жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жарыс күнінің нәтижелері

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан дзюдошылары жеті медаль еншіледі

Қазақстандық дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или