Ислам Махачев келесі қарсыласы кім болатынын айтты
UFC-де жартылай орта салмаққа көтерілуге бел байлаған Ислам Махачев келесі айқасы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік жауынгер 77 келі салмақтың титулын жеңгеннен кейін Усман Камарамен төбелеспек ниеті барын мәлімдеді:
«Джектен кейін… Бәлкім, Камара… Ол осы салмақта ең көп чемпиондық атағын қорғаған. Оның мүмкіндігі көбірек», - деді Ислам Махачев өзінің кезекті сұхбатында.
Айта кетейік, Ислам Махачев (27-1) 16 қараша күні Нью-Йоркта жартылай орта салмақтың чемпионы Джек Делла Маддаленамен (18-2) айқасады.
Осы салмақта чемпиондыққа басты үміткер Шавкат Рахмонов келесі жылы UFC-ге оралады деп күтілуде.
Бұрынғы UFC файтері АҚШ түрмесінде қайтыс болды
Қазақстандық файтер Brave CF 101 турнирінде жеңіске жетті
Ислам Махачев UFC-де екі салмақтың чемпионы болуды мақсат етеді