Бейбіт Жұқаев Лион турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Бейбіт Жұқаев Лион турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұкаев Францияның Лион қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің шешуші матчында әлемнің 282-ракеткасы британдық Джордж Лоффагенді сенімді түрде екі сетте жеңді – 6:4, 6:4.

Бұған дейін осы турнирдің негізгі кезеңіне тағы бір қазақстандық теннисші – Михаил Кукушкин де өткен болатын. Осылайша, Лиондағы жарыста Қазақстанның екі спортшысы бақ сынайтын болады.

Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде үздік шықты

Теннис аңызы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетті

19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или