Кирилл Герасименко: Алтын медаль үшін күресе алатынымызға сендім
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко үстел теннисінен Қазақстан құрамасының жеңісіне пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
"Бірінші кезекте жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бізге сенген барша жанкүйерге көп рақмет. Өте қуаныштымыз. Біз тек медаль үшін ғана емес, алтын медаль үшін де күресе алатынымызға сендім.
Жігіттер соңына дейін шыдады. Өте қиын болды. Біз барлық жағдайға бейімделе алдық. Командаластарым психологиялық тұрғыдан дайын болды. Соңына дейін күресіп, жеңіске жеттік.
Қазір демалып, жекелей сайысқа дайындаламыз", - деді Герасименко.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалында Иранды 8:1 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов өнер көрсетті.
Рыбакина WTA Қорытынды турнирінде үздік шықты
19 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыста үшінші кезеңге өтті