Бұрынғы UFC файтері АҚШ түрмесінде қайтыс болды
Бразилиялық файтер Годофредо Пепей жексенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы камерасында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның өлімінің мән-жайы әзірге айтылмады.
38 жастағы файтер Дирфилд-Бичте әйелі Самара Меллоға шабуыл жасады деген айыппен 2025 жылдың 30 маусымынан бері темір торда отырған болатын. Оған сондай-ақ адам ұрлау және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды.
Годофредо Кастро ММА-да 22 кәсіпқой жекпе-жекке қатысып, 14 жеңіс пен 7 жеңіліске қол жеткізген.
Ислам Махачевтің ең маңызды екі қасиеті айтылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или