«Барселонаның» аңыз ойыншысы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрес Иньеста ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты спорт24-ке сілтеме жасап.
Иньестаны Перу прокуратурасы тергеп жатыр.
Дереккөздің айтуынша, Иньестаның әрекетінен бірнеше жергілікті кәсіпкерлер 600 000 доллардан астам шығынға ұшыраған.
Айта кетейік, испаниялықтың беделі мен байланыстары жергілікті бизнесмендерді бірнеше спорттық және музыкалық шоуларды қаржыландыруға көндіру үшін пайдаланылғанымен, олардың көпшілігі жүзеге аспай қалған.
Левандовскийдің хет-тригі «Барселонаны» жеңіске жетеледі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или