Какау Қазақстан құрамасының тізгінін қайта ұстауы мүмкін

Какау Қазақстан құрамасының тізгінін қайта ұстауы мүмкін

Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер лауазымына үміткерді анықтады. Команданы басқару туралы ұсыныс Пауло Рикардо Камара Собралға (Какау) жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ұлттық құраманы басқа бразилиялық бапкер Пауло Рикардо Кака басқарған болатын. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетті.

«Біздің мәлімет бойынша, Рикардо Камара Собрал (Какау) шығысқа жасаған ұзақ сапарынан кейін Қазақстанға оралу туралы ұсыныс алған және оны қабылдауға қарсы емес», - делінген дереккөз хабарламасында.

Какау 2013–2018 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның жетекшілігі кезінде команда 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

54 жастағы маманның соңғы жұмыс орны БАӘ құрамасы болды. Бұған дейін ол Ирак пен Кувейт ұлттық командаларын, сондай-ақ Румынияның «Аутобергамо Дева» және «Юнайтед Галати» клубтарын жаттықтырған.

Ресми: Рикардо Кака ресейлік клубтың бас бапкері атанды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака қызметінен кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или