Хамитов Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды

Хамитов Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік Алексей Махноға қарсы АСА лигасындағы жекпе-жекке шықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Наш боец» сайтына сілтеме жасап.

«Қуатқа қатысты жағдай мынадай: ол Махноны жекпе-жекке шақырды, бірақ шарттар бойынша келісімге келе алмадық. Кейін ол тек ақпанда - мерейтойлық турнирде жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Біз өз тарапымыздан «Махно бар, нақты күн бар - не шығасың, не шықпайсың. Егер шықпасаң, басқа қарсылас іздейміз» дедік. Біз оған жаңа ұсыныс жасадық, ол қай тізімнен қарсылас таңдалатынын біледі», - деді АСА вице-президенті Асланбек Бадаев.

Айта кетейік, бұған дейін Хамитов ресейлік танымал АСА лигасында дебютін сәтті өткізіп, ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Сол жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы октагонда бірден Махноға шақыру тастаған еді.

Ислам Махачевтің ең маңызды екі қасиеті айтылды

Қазақстандық файтер Brave CF 101 турнирінде жеңіске жетті

Ислам Махачев мансабын екінші белбеусіз аяқтағысы келмейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или