Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: Қазақстан үстел теннисінен чемпион атанды
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті.
Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.
Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.
Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.
Қазақстандық жүзгіш Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орын алды
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының финалына шықты