«Данди Юнайтед» Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отыр

«Данди Юнайтед» Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отыр

Шотландияның «Данди Юнайтед» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Courier Sport басылымының мәліметінше, «Юнайтед» қолайлы бағаға лайық нұсқа табылса, тағы бір вингерді қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл тізімде Кенжебектің де есімі бар.

22 жастағы жартылай қорғаушы «Елімай» сапында маусымның екінші бөлігін сәтті өткізді – 11 ойында 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Оның ойыны командаға Қазақстан чемпионатында төртінші орын алып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алуға көмектесті.

Қазақстан құрамасы сапында Кенжебектің есебінде 9 матчта 3 гол бар. Ол Бельгия және Фарер аралдарына қарсы алдағы ойындарға шақыртылған.

Қазақстанда өнер көрсететін футболшы Беларусьтің үздік ойыншысы атануы мүмкін

«Қызылжар» клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

Қарағандының «Шахтер» клубы бас бапкерімен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или