«Тобыл» қорғаушысы «Қайраттың» ойыншысын мақтады

«Тобыл» қорғаушысы «Қайраттың» ойыншысын мақтады

Қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Егор Хвалько жылдың үздік беларус футболшысы атағына кім лайық деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Bel.football сайтына сілтеме жасап.

- Біреуді нақты бөліп жарып айту қиын. Маған МЛ-де ойнайтын Захар Волковтың ойыны ұнайды, бірақ биыл айқын көшбасшы болған жоқ. Шестюк – жақсы шабуылшы, бірақ ол жалпы үздік ойыншы емес, үздік форвард шығар.

Егер легионерлерді де ескерсек, Валера Громыконы атар едім. Ол өткен маусымда да «Қайсар» мен «Қайратта» жақсы ойнады, қазір де Чемпиондар лигасында жарқырап жүр. Меніңше, ол басты үміткерлердің бірі, - деді Хвалько.

Громыконың «Қайрат» сапындағы көрсеткіші: барлық турнирде 39 матч, 6 гол, 11 ассист.

«Қызылжар» клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

Бельгия құрамасының негізгі қақпашысы Куртуа Қазақстанға келмейді

Қарағандының «Шахтер» клубы бас бапкерімен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или