Тибо Куртуа жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыспайды
Тибо Куртуа жарақатына байланысты Бельгия құрамасының алдағы матчтарына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Реал» қақпашысы оң аяғының бұлшық етін жарақаттап алған. Осыған байланысты қараша айында өтетін ұлттық құрама матчтарына қатыса алмайды.
Айта кетейік, ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Бельгия арасындағы ойын 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.
Бельгия сапында жарақатына байланысты Ромелу Лукаку мен Кевин де Брюйне де болмайды.
Аdidas 22 ұлттық құраманың жаңа формасын таныстырды
Қарағандының «Шахтер» клубы бас бапкерімен қоштасты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или