Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті
Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Арнайы келісімге қол қойылып, клубтың атауы, нысандары және барлық құқықтары жекеменшікке берілді.
Бұл шешім Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.
Клубтың жаңа иесі — кәсіпкер Сергей Кан. Ол клубты тиімді дамыту үшін жаңа заңды тұлға — «Футбол клубы QYZYLJAR» деп аталатын жеке мекеме тіркеді.
Енді «Қызылжар» жаңа кезеңге қадам басты. Клубтың дамуы мен басқару жүйесі жаңарып, болашақта инфрақұрылым да жақсарады деп күтілуде.
Қарағандының «Шахтер» клубы бас бапкерімен қоштасты
ҚФФ техникалық даму комитеті құрылды
Қазақстандық футболшының командасы аутсайдерді жеңе алмады
Андрей Ферапонтов Словакия мен Молдоваға қарсы ойындарға қатысты пікір білдірді